30.10.2026
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» аудандық байқауы Мақсаты: Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру, қазақ тілін үйренуге қызығушылықтарын ояту, мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттау, оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту және Қазақстан халқының бірлігі мен достығын нығайту. 2026 жылғы 20 қазан күні Атбасар аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының күніне орай өзге ұлт өкілдері арасында 7–9 сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» атты аудандық байқау өтті. Байқауға мектебіміздің намысын қорғап, 7-сынып оқушысы Гаджиев Рафиг қатысты. Ол мемлекеттік тілге деген құрметін танытып, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге және оны дамытуға қосқан үлесі үшін «Тіл жанашыры» номинациясымен марапатталды. Аталған байқау оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып, қазақ тілін меңгерудің маңыздылығын түсінуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және өзге ұлт өкілдері арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті. Гаджиев Рафигті лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Рафигке алдағы уақытта да толағай табыстар, биік белестер мен шығармашылық жетістіктер тілейміз! Қазақ тілін құрметтеп, оның дамуына үлес қоса берсін! Құттықтаймыз! Жетістіктерің көп болсын!